БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

«Назым-А » бөбекжай балабақшасы  Жетісай ауданы , Жетісай қаласы, Оңдасынов  көшесі №  22 үйде ыңғайластырылған  ғимаратта орналасқан.

Балабақша 2019 жылы  ашылды. 

Балабақшаның жобалық қуаттылығы   100  бала.  Ата-аналар мен балабақша әкімшілігі арасында шарт жасалған.

Оқыту  қазақ  тілінде жүргізіледі.  Қазіргі кезде балабақшада _4_ топ жұмыс істейді. Әр топтағы тәрбиеленушілердің саны:  ересек, ортаңғы топтарда _25_ бала. Жыл бойы балалардың келуі__98_ % құрайды.

Балабақшада оқу тәрбие жұмысын  9  педагог атқарады,   олар білімі бойынша төмендегідей жоғары білімді -6,  орта борта білім 3  модератор-5

Балабақшаның материалдық-техникалық жағдайы

Балабақшада  сауықтыру-тәрбиелеу  процесін  ұйымдастыру  мен  жүргізу  үшін  барлық қажетті  жағдайлар  жасалған.  Балабақша  аумағы  көгалдандырылған, 

Дене шынықтыру алаңы,  серуендеу учаскесі бар,  балалардың тыныш ойындары мен қозғалыс қызметіне, сюжеттік-рөлдік ойындарына, сумен және құммен ойнауға арналған жабдық орналасқан. Барлық топтарға жеткілікті  жазғы бастырмалары бар.

Балабақшада бейне  бақылау жүйесі жүргізілген

Топтық  бөлмелер  мен  жатын  бөлмелері  бір-бірінен  бөлінген.  Әр  топтың  өз  кірер  есігі бар. Барлық кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен, ойын және оқу-дидактикалық мате-риалдарымен жабдықталған. Заттық-дамытушылық орта ойластырылған. Оқу құралдарының барлық түрлері мен ойыншық  түрлері  оқыту  мен  тәрбиелеудің  өзгешелігі  мен  міндеттеріне  байланысты оларды  қолдану  әдістемесін  ашады,  оларды  пайдаланудың  вариативтілігін  көрсетеді. 

Негізгі ғимаратта әдістемелік кабинет, музыка залы  бар, музыка және дене шынықтыру оқу қызметтері өткізіледі.

және кір жуу бөлмесі бар, қажетті жабдықтар  жиынтығымен жабдықталған.

Балабақшада  2026-2027 оқу жылында топтар төмендегідей реттелген:

1.»Аққу”мектепалды топ 

2.“Гүлдер”ересек топ                              

    3.“Балдырған”  ортаңғы топ                                

    4  “Ботақан ”  аралас 4-5 жас  топ